Балқаш қаласы «Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Болсамбекова Раушан Мирамовна

Балқаш қаласы «Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Болсамбекова Раушан Мирамовна Түсінік хат Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Толығырақ »

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті.«Прогресс» политехникалық колледжі.Стереометрияның алғашқы сабақтары.Математика пәнінің мұғалімі Волошина В. А. тәжірибесінен.

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті.«Прогресс» политехникалық колледжі.Стереометрияның алғашқы сабақтары.Математика пәнінің мұғалімі Волошина В. А. тәжірибесінен.  Бірінші курстың геометрия сабақтарындағы оқытушының басты міндеттерінің бірі- сызу арқылы дәлелденетін теоремадағы немесе есептегі қажетті Толығырақ »

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жармедетов Асет Куанышбаевич

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жармедетов Асет Куанышбаевич Қысқа мерзім жоспары. Толығырақ »

Тулкина Гүлжанат Ертайқызы 1-санатты шағын орталық тәрбиешісі Павлодар облысы, Май ауданы, Қазан орта мектебі Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: « Күз мезгіліне саяхат».

                                 Тулкина Гүлжанат Ертайқызы 1-санатты                                                   шағын  орталық  тәрбиешісі Павлодар облысы, Май ауданы, Қазан орта мектебі                                       Білім беру саласы: Қатынас                                      Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту                                       Тақырыбы: Толығырақ »

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №17 ЖОББСОБМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ БОЛАТ ГҮЛДЕН ТАЛҒАТҚЫЗЫ ҰСТАЗ — ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ  №17 ЖОББСОБМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ БОЛАТ ГҮЛДЕН ТАЛҒАТҚЫЗЫ   ҰСТАЗ — ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА Ұстаз мәртебесі қашан да биік.Ұстаз тек білім беруші ғана емес, ол-адамдықтың,мәдениеттілік пен адалдықтың үлгісі Толығырақ »

Жамбыл облысы,Тараз қаласы № 36 орта мектебі Ғылыми жоба Жұмбақ және оның түрлері Орындаған: Турапова Айдын 9“Б” класс оқушысы Ғылыми жетекшісі: Смакова Жанар Ауесбековна Мазмұны

Жамбыл облысы,Тараз қаласы  № 36  орта мектебі Ғылыми жоба Жұмбақ және оның түрлері Орындаған: Турапова Айдын 9“Б” класс оқушысы Ғылыми жетекшісі: Смакова Жанар Ауесбековна Мазмұны Кіріспе——————————————————————3 бет Жұмбақ — ой ұшқырлығына баулитын Толығырақ »

Тараз қаласы Ы.Сулейменов атындағы № 37 орта мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті Жұмысты орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Бақыт Ержан

Тараз қаласы Ы.Сулейменов атындағы № 37 орта мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы:  Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті Жұмысты орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Бақыт Ержан Бағыты:  Ғылыми- жаратылыстану  Секциясы:  Медицина     Жоба жетекшісі:    Толығырақ »

 

Балқаш қаласы «Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Болсамбекова Раушан Мирамовна

Балқаш қаласы «Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Болсамбекова Раушан Мирамовна

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

«2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта  оқушылардың математикалық сауаттылығының нәтижесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында математика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделікті өмірде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті.«Прогресс» политехникалық колледжі.Стереометрияның алғашқы сабақтары.Математика пәнінің мұғалімі Волошина В. А. тәжірибесінен.

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті.«Прогресс» политехникалық колледжі.Стереометрияның алғашқы сабақтары.Математика пәнінің мұғалімі Волошина В. А. тәжірибесінен. 

Бірінші курстың геометрия сабақтарындағы оқытушының басты міндеттерінің бірі- сызу арқылы дәлелденетін теоремадағы немесе есептегі қажетті ситуацияны оқушылардың түсіне және бейнелей алу дағдысын қалыптастыру. Өз тәжірибемде, қарапайым көпжақтардың модельдерін және суреттерін пайдалану- жазықтықтағы геометриядан кеңістіктегі геометрияға көшу кезіндегі жұмыстарды айтарлықтай жеңілдететінін байқадым. Сондықтан оқушыларға тік бұрышты  параллелепипед, куб немесе пирамида (ол көпжақтарды оқушылар мектепте сызу сабағында өткен) сияқты көпжақтардың қатаң анықтамасын беру міндетті емес, оның орнына бірінші сабақта олардың стереометриялық бейнелерін пайдалануға болады.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жармедетов Асет Куанышбаевич

Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы,
Талдысай орта мектебінің
технология пәні мұғалімі
Жармедетов Асет Куанышбаевич
Қысқа мерзім жоспары.

Тулкина Гүлжанат Ертайқызы 1-санатты шағын орталық тәрбиешісі Павлодар облысы, Май ауданы, Қазан орта мектебі Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: « Күз мезгіліне саяхат».

 

 

                             Тулкина Гүлжанат Ертайқызы 1-санатты

                                                  шағын  орталық  тәрбиешісі Павлодар облысы,

Май ауданы, Қазан орта мектебі

                                      Білім беру саласы: Қатынас

                                     Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл

дамыту

                                      Тақырыбы: « Күз мезгіліне саяхат».

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп қалыптастыру.

Міндеттері. Білімділік: Күз мезгілімен таныстыру.

Дамытушылық: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы ойларын дамыту

Тәрбиелік: Табиғатқа  деген сүйіспеншілігін,эстетикалық тәлім-тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап, жаттау.

Сөздік жұмыс: Күз ,молшылық,береке.

Билингвильді-компонент: Алма- яблоко-apple

Күз- осень-autumn

Сары-желтый- yellow

Жапырақ- листья-leaf

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылатын көрнекі- құралдар: суреттер, диск, күз демонст  материал,желім,құм,қылқалам,жіп,алмалар .

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №17 ЖОББСОБМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ БОЛАТ ГҮЛДЕН ТАЛҒАТҚЫЗЫ ҰСТАЗ — ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ  №17 ЖОББСОБМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

БОЛАТ ГҮЛДЕН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

 

ҰСТАЗ — ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА

Ұстаз мәртебесі қашан да биік.Ұстаз тек білім беруші ғана емес, ол-адамдықтың,мәдениеттілік пен адалдықтың үлгісі іспетті.

Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде менде: «Болашақта  мен де ұстаз боламын, шәкірт тәрбиелеймін» деген ойдың ұшқыны да болмайтын.

Орыс жазушысы Н.А.Островский: «Өмір әрбір адамға ғаламат зор, баға жетпес сый, күш-жігерге толы жастықты, арманға толы жастық дәуренді береді»,-дейді. Сол айтқандай, мен де оқыдым, білім алдым, арман сапарына аттандым. Ата-анам мені қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі боласың деп сенім артқан соң, 11-сыныпты тәмамдаған соң Павлодар  педагогикалық колледжінен түсіп, ары қарай жоғалы білім алу үшін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жеделдетілген қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің 3-курсына қабылдандым.

2010-жылы Павлодар қаласы  №17 ЖОББМОБМ -не жолдама алып, ұстаздықтың алғашқы қадамын осы жерде бастадым. Бірлігі бітісе қайнаған мектептің мұғалімдер ұжымы мені жылы  қарсы алды. Осы жылылықтың арқасында еңбек жолым шыңдала түскендей болды. Мамандығым бойынша орыс сыныптарға сабақ беремін. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, еткен еңбегім әр жылдарда лайықты бағаланып отыр. Әр мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оны өзінің сырлас құрбысындай кейіпке түсірсе, еңбегі еш зая кетпейді. Сонымен қатар мұғалім тоқтап қалмай үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Себебі,заман талабына сай білім беру мазмұнында үнемі жаңа шешімдер іздеуге тура келеді. Соны мұғалім шеше алуы керек. Сонда ғана мұғалімнің әлеуметтік және мәдени даму аясында алға жылжу болады. Ал бұл білім мазмұнын өзгертуге әкеледі. Әр кезде де мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынас үзілмеу керек және мұғалімнің шеберлігі басты назарда болмақ.                                                                                                           Шебер мұғалім кез келген әдісті ұтымды пайдаланып отыру қажет. Себебі заман ағысы осындай! Оқыту үрдісінде бірнеше әдіс-тәсілдер бар. Қазіргі педогоикалық технология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді жақтарын таңдап алуды қажет етіп отыр, сондықтан үнемі жетілдіру, дамыту, толықтыру сабақ сапасын арттырады, оқушыны да, ұстазды да шығармашылыққа жетелейді. Мұғалім тек қана бағыт береді. Ал оқушы мұғалімнің ойын дөп басуы керек. Әдістерді тиімді пайдаланудың арқасында әр сыныптың білім сапасы жоғарғы көрсеткіштерге ие болады. Ойымды қорытындылай келе айтпағым: «Әр адам алдына мақсат қойып, сол мақсатқа қайтсем де жетем деп талпыну керек».

«Талапты адам — талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай»-деген сенім оқушының да, мұғалімнің де бойынан сезілсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Ұзтаздар қауымына зор денсауық, қажымас қайрат,сарқылмас сабыр,  жұмыста табыс тілеймін!

Жамбыл облысы,Тараз қаласы № 36 орта мектебі Ғылыми жоба Жұмбақ және оның түрлері Орындаған: Турапова Айдын 9“Б” класс оқушысы Ғылыми жетекшісі: Смакова Жанар Ауесбековна Мазмұны

Жамбыл облысы,Тараз қаласы  № 36  орта мектебі

Ғылыми жоба

Жұмбақ және оның түрлері

Орындаған: Турапова Айдын

9“Б” класс оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Смакова Жанар Ауесбековна

Мазмұны

  1. Кіріспе——————————————————————3 бет
  2. Жұмбақ — ой ұшқырлығына баулитын жанр——————-4 бет

III.Жұмбақтың түрлері————————————————-5-8 бет

IV.Бүгінгі таңдағы ақын-жазушылардың жұмбақтары———9-14 бет

  1. Жұмбақтың тәрбиелік мәні—————————————-15 бет

VI.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі———————————16 бет

 

 

Кіріспе

Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра.Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән-мағынасының артып отырғандығында.

Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, т.б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар — халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.

Жұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі;

Қазіргі замандағы жан-жақты тілдік тәрбиенің маңыздылығы. Осы орайда жұмбақтар пайымдау мен ой-пікірдің тобықтай түйіні, тамаша қорытындысы болып табылатын ұшқыр да ұтқыр сөз ретінде көзге түседі. Осы жағынан алып қарағанда, жұмбақтар тілші, әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қарастырылып, сөз өнері, халық ауыз әдебиеті үлгісі есебінде жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

 

Тақырыпты зерттеу әдістері;

Тақырыпты зерттеу барысында халық ауыз әдебиеттерінің мол мұрасын саралау, олардың мән-мағынасына, құрылымына және топтастырылуына аса назар аударылды. Ертеден келе жатқан жұмбақтар үлгісі мен қазіргі таңдағы ақын-жазушылардың жұмбақтары арасындағы ортақ мақсат-міндеттерді айқындай отырып, жұмбақ түрлерін жүйелеу, топтастыру әдістері жүргізілді. Әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектері де қарастырылды.

 

Тақырыптың мақсат-міндеттері;

  • Жұмбақтардың мән-мағынасын ашу;
  • Жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың асыл мұрасының тигізер әсерін және қазіргі заманда жұмбақтардың қолдану аясына нықтау.
  • Қазақ жұмбақтарының құрылысы, айтылуы мен мазмұны жағынан және түрлеріне топтастыру.

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Ол халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрі және барлық жұрттың фольклорына ортақ  дүние саналады.  Жұмбақ – халық шығармаларының ең ескі түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорының ортақ түрі. Әуелгі туысы арғы, ерте заманда болғанымен, жұмбақ бертін келе, тіпті бүгінгі біздің дәуірімізде де өз керекті қасиетін жойған жоқ.

Қай кезде алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері қатарында саяси құрал есебінде тап жауына  қарсы қолданған орындар да аз емес. Жұмбақ қазақ халқының арасында да және басқа халықтарда да әлі күнге тыңнан туып, молайып дамып келеді Олай болса халықтың жұмбақ секілді фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану ғылымдық зор міндет болады.

«Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, құбылыстардың барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан. Ол үшін айналаны қоршаған жаратылысты, еңбек, кәсіп құралын, әр түрлі хайуанаттар жайын, бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып, ұқсас белгілеріне қарап неден шыққанын қандай зат екенін анықтаған. Жұмбақтардың алғаш үлгілері осылай шыққан», — дейді Мәлік Ғабдуллин.

Ғалымдар жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтағандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Кейін жұмбақ табу мен тыйым сөздерден бөлініп шыққан.

Қазақ жұмбақтарының алғаш жиналып, баспа бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. 1842 жылы «Татар хрестоматиясын» құрастырып бастырған. М. Иванов оған қазақ жұмбақтарында енгізген.

Жалпы алғанда, жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ой-өрісін, қиялының белгілі бір сатысын көрсететін ұшқыр ойдың бір түрі. Жұмбақты шешу адамның зеректігін, ақыл-парасатын, білімін байқатады.

«Жалпы алғанда, жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді», — дейді Мұхтар Әуезов. Өйткені, жұмбақ өзге фольклорға қарағанда бітімі бөлек, ерекше затты деректі сөз. Сол деректілікке сүйенетіндіктен жұмбақ әр заттың жағдай, бөлім-бөлшектеріне көбірек көз салады. Дүниетану жолдарын еңбегіне байланыстырып, осыдан барып қорытынды жасайтын халық, көп жұмбақты нәрселердің неден пайда болғандығын айтуға арнайды. Ал бұның өзі адам танымын тереңдетіп, ұрпақты ұлағатты,зерделі етіп тәрбиелейді.

Жұмбақ жанырына тән ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп–жұмыр, шымыр болып,аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбіне қысқа, жинақы келеді.

Қазақ жалпы жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Осы жұмбақтардың қай-қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіне негізделіп, оның тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып,дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.

Жұмбақпен толғап жыр айту Асанқайғы, Бұқар жырау, Базар жырау, Шортанбай, Әубәкір сияқты қазақ ақындарының жырында, Сырым, Төле би, Жиренше, т.б шешендік сөздерінде жиі кездеседі. Шешендік сөзге құрылған жұмбақтардағы ақыл-парасат, тапқырлық,терең логика жазу-сызу болмады, сауатсыз еді деп күстәналап келген халқымыздың асқан даналығының көрінісіндей көзге ұрады.

Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді.(1-сызба)

Тараз қаласы Ы.Сулейменов атындағы № 37 орта мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті Жұмысты орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Бақыт Ержан

Тараз қаласы Ы.Сулейменов атындағы № 37 орта мектебі Ғылыми жоба

Тақырыбы:  Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті Жұмысты орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Бақыт Ержан

Бағыты:  Ғылыми- жаратылыстану  Секциясы:  Медицина     Жоба жетекшісі:    Биология пәнінің мұғалімі                       Курынбаева Гульнар Муратбековна

Аннотация

Зерттеу  жұмыста Қазақстан өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның ішінде жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті туралы толық мағлұмат беріледі.  Біздің жұмыс осы өңірде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы барысында жолжелкен өсімдігінің қандай ауруларға ем екендігі анықталды.

Мазмұны:

  1. Кіріспе

Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер

Негізгі бөлім

а) Жолжелкен өсімдігінің сипаттамасы

ә) Жолжелкеннің емдік қасиеті

б) Жолжелкеннен жасалатын дәрілер

в) Шөптерден дәрі жасау жолдары

III.  Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеудің мақсаты:

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің,жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс.

Өзектілігі:

Қазақстанда кедесетін өсімдіктердісоның соның ішінде емдік қасиеттері бар шөптерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау.

Зерттеудің жаңалығы:

Қазақстандағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы біле отырып олдардың көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым.   Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлім,қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

шарбағыңның түбінде өсіп тұр

Халық даналығы

І. Кіріспе. Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.

Ертедегі грек дәрігері Гиппократ  өсімдіктің  қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.

Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы»  аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне  заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан  айқын көреміз.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ  біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына » қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшіліг аса пайдалы.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Арыс ауылы № 12Т.Рүстемов атындағы мектеп — гимназиясы оқушылары арасында мектепішілік

    Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Арыс ауылы

12Т.Рүстемов атындағы мектеп — гимназиясы оқушылары арасында мектепішілік

атты өнер фестивалін  өткізу сценариі

        ҚАМБАР МАРАТ САЛЫБЕКҰЛЫ

        №12 Т.Рустемов мектеп гимназиясының

       Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Арыс ауылы 2015ж.

 

 

    = Б Е К І Т Е М І Н =                                                                                          =К Е Л І С Е М І Н=

        Мектеп директоры:                                                                                                                ТІЖДО :

                Ф.Сагинбеков                                                                                                         Ж.Сергалиев

                    02.02.2015ж                                                                                                                      02.02.2015ж

 

 

   Тақырыбы: «Ерлік даңқы мәңгілік»

 

Өнер фестивалының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы  мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Мектеп оқушыларын Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, Отанды сүюге, оны қорғауға дайындау.

Өтілетін күні:  23.02.2015ж

Орны:  мектептің мәжіліс залы

Регламент:  60 минут

Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі,  қолөнер бұйымдары, музыка аспаптары, микрафон, бейнекамера, слайд материалдары, сахнаға керекті құрал- жабдықтар.

1.Оқушы: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, ардақты мұғалімдер!

2- Оқушы Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке- Жеңіс күні де келе жатыр. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды

1- Оқушы Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

1-2- Оқушы Ендеше, бүгінгі «Ерлік даңқы маңгілік» деп  аталатын өнер фестивалымызды ашық деп жариялаймыз.

ҚР Мемлекеттік гимні

Левитанның сөзі, «Свешенная война»әні

2-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады.

Оқушы Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы ,Сайрам ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына барлығы 456 адам қатысқан.

  • Оқушы Бүгінгі таңда көзі тірі Сайрам ауданы бойынша 25 , Қарабулақ ауылы бойынша  4 , Арыс ауылынан 1 ардагер, яғнй Абдуманнат ата Абдуллаев бар.

2015 жылы ТМД елдерінде «Ардагерлер жылы» деп жарияланды.

Оқушы Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сессиясында (24 нәурыз 1995 жыл)сөйлеген сөзінде «Біздің қоғамды біріктіретін тұтқалардың бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы болуға тиіс»деп атап өткен.ҚХА ның Қазақстанның саяси жүйесінде орын алып отырған рөлі,оның қоғамдағы беделі 2007 жылдың мамыр айында Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулерде көрініс тапты.

  • Осылайша,бұдан былай Мәжілістегі 107 депутттың 9 -ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады.Бұл тәуелсіз мемлекеттің жаңа саясы сапаға қадам басуының белгісі.Сарапшылардың пікірінше,мұндай норма,саясы шешімдерді дайындау мен қабылдау үдерісін одан әрі жетілдіруге,биліктің үш тармағының өзара және Ассамблеямен іс әрекеттерін заң шығару қызметінде Қазақстан халқының алуан түрлі пікірлерін әлдеқайда толық ескеру үшін тереңдетуге ықпал ететін болады.

 1-Оқушы Қазіргі кезде елімздеі қазақ тілінде оқытатын 3784 мектеп,орыс тілінде  1672 мектеп,өзбек тілінде білім беретін 65 мектеп бар және 14 мектеп ұйғыр тілінде оқытылады. Республиканың 104 мектебінде өзіндік пән ретінде Қазақстан халқының 18 тілі оқытылады. Этносаралық қатынастар ретіндегі бұл бастама өзге мемлектерге үлгі-өнеге екендігі анық.2- Оқушы Қазақстан халқы ассамблеясының  табысты қызметі Нұрсұлтан Әбішұлының керемет көрегенділігі мен алысты болжай алатын сарабдал саясаты . Және біз бұл тәжірибені ЕҚЫҰ ға төрағалымыздың барасында толық пайдалана білдік.  Ассамблея осы жылдар ішінде Мемлекет басшысының болашаққа ұмтылған халқымыздың бірлігін одан әрі нығайтудағы тірегі болды және солай болып қалады.Бүгінгі еліміздің толерантылық пен қоғамдық келісім тәжірибесі беделді халықаралық ұйымдардың, сондай ақ көптеген елдердің назарын аударып, қызығушылығын тудырып отыр.

Биі: «Калинка» 10-«Е» Сынып окушылары топ басшысы Османова Гулмира.

11-сынып. Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Сабақ мақсаты:

11-сынып. Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалардан, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу;
Дамытушылық: Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті»баянды етуге осы ұрпақтың әрқайсысы міндетті екенін ұғындыру;
Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатынт тұлға қалыптастыра отырып, қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Карталар, тест сұрақтары
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім игерту және оны алғашқы бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Инновациялық оқыту
Тезис- жоспар:
1. Көтерілістің алғышарттары:
а) Көтеріліс мақсаты;
ә) Көтеріліс сипаты;
б) Кенесарыны қолдаған қазақ батырлары;
2. Патша үкіметінің көтеріліске қарсы ұйымдастырған шаралары
3. Көтеріліс сипатының өзгеруі
4. Жеңілу себептері, тарихи маңызы
5. Кенесары құрған феодалдық мемлекеттің құрылымы
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
1.Сыныпты 3 топқа бөліп, үй тапсырмасын талдау
2.« Алғырлар»,«Тапқырларр», «Озаттар » топтары
3. Тарихи түсініктермен, терминдермен жұмыс
4.Миға шабуыл. Кесте толтыру
Білемін
Білдім
Нені білгім келеді?

Сабақтың мазмұны:
Кенесары Қасымұлы – хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы.
І.Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.

Педагогикалық кеңес

DSC_1934